"Ю.А. Гагарин атындағы № 14 орта мектебі" КММ 15-22 қыркүйек аралығында "Мектеп президенті"лауазымына сайлау науқанының апталығы өтуде.
"Ю.А. Гагарин атындағы № 14 орта мектебі" КММ 15-22 қыркүйек аралығында "Мектеп президенті"лауазымына сайлау науқанының апталығы өтуде. Сайлау-бұл ұжымдық іс-әрекеттің бір түрі, онда әр қатысушы тәуелсіз шешім қабылдауға және белгілі бір кандидатқа таңдау беруі тиіс. "Мектеп Президентін сайлау" жобасының бағдарламасы оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруды ескере отырып әзірленді және жылына бір рет өткізіледі. Барлығы 8 кандидат ұсынылды. Сайлау науқанының бірінші күнінен бастап әр кандидат сайлаушыларды тарту бойынша белсенді қызмет атқарды, атап айтқанда олардың бағдарламасымен үгіт-насихат плакаттары ілінді. 23 қыркүйек-мектеп Президентін сайлау өтеді, онда оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар лайықты президентті таңдайды. Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!