2023 жылдың 20 ақпанында №14 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 1-2 сынып оқушыларының ата-аналары үшін кезекті АПҚК орталығының сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Гаджеттердің зияны мен пайдасы». Мақсаты: Ата-аналардың балалардың заманауи гаджеттермен өзара әрекеттесу проблемалары туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Біз гаджеттердің зияны мен пайдасын талқыладық. Балалардың компьютерлік ойындарға әуестенуінің алдын алуға ата-аналар көп көңіл бөлуі керек деген қорытындыға келдік; балаларды гаджеттік тәуелділіктен қорғау және олардың интернет кеңістігінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы идеяларды кеңейтеді. АПҚК сабағына Әдістемелік орталығының әдіскері Баукенова Жазира Алтайқызы қатысты. Ол сабақты жоғары бағалады