11 сәуірде Юрий Алексеевич Гагарин атындағы №14 орта мектепте Петропавл қаласы ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкері -Д. Е. Мұқановамен танымдық және маңызды әңгіме өтті.
11 сәуірде Юрий Алексеевич Гагарин атындағы №14 орта мектепте Петропавл қаласы ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкері -Д. Е. Мұқановамен танымдық және маңызды әңгіме өтті.
Кездесуге 5-11 сынып оқушылары қатысты. Өзекті және өмірлік маңызды тақырыптар талқыланды:
— жол қозғалысы ережелерін сақтау,
- көктемгі өзен тасқыны кезіндегі мінез-құлық,
- қорқыту мен ұрлықтың алдын алу,
- кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі.
Балалар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Мұндай кездесулер жасөспірімдерге өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.