15 қаңтарда «Ю.А.Гагарин атындағы № 14 орта мектебі» КММ-де Солтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының қызметкерлері 8-сынып оқушыларымен «Жастар арасында деструктивті діни ағымдарға иммунитетті қалыптастыру» тақырыбында әңгіме құрды. Оқушыларға «зайырлы мемлекет», «зайырлылық», «деструктивті діни ұйым» ұғымдары берілді. Олар деструктивті діни ағымдардың қандай қауіп төндіретінін, деструктивті ағымдар өз қатарына жаңа ізбасарларды тарту үшін қандай әдістерді қолданатынын және адам мұндай жалдаумен бетпе-бет келсе, қайда жүгіну керектігін түсіндірді.