Біздің мектеп оқушылары "Қағазды тапсыр - итті құтқар" қайырымдылық акциясына қатысты. 4 "Б" сынып оқушылары ең көп қағаз тапсырды да, 1-орынға ие болды және "Радуга" ЖШС атқарушы директоры Дмитрий Стешин оларға тәтті сыйлықтар табыс етті. Барлық түскен ақша төрт аяқты достардың қажеттілігіне жіберілді. Құттықтаймыз!!!